Published September 30, 2026
| Version v1
Journal article
Open
ЖЕРДІҢ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН САҚТАУ НЕГІЗІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІН ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ
Authors/Creators
- 1. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан
Description
Ауыл шаруашылығы жерлері – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және экономикалық тұрақтылыққа тікелей әсер ететін маңызды табиғи ресурс. Жер ресурстарын тиімді пайдалану барысында топырақтың құнарлылығын сақтау, эрозиялық процестердің алдын алу, тұздану мен шөлейттенуге жол бермеу қазіргі кезеңдегі негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы жерлерін перспективалық жоспарлау жерді тек экономикалық тұрғыдан тиімді пайдалануға ғана емес, оның табиғи әлеуетін ұзақ мерзімге сақтауға бағытталуы қажет [1; 3]. Мақалада ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарлылығын сақтау мәселелері, жерді перспективалық жоспарлаудың маңызы, топырақ деградациясының негізгі себептері және жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың заманауи бағыттары қарастырылады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы алқаптарын жоспарлау кезінде жер кадастры, топырақ мониторингі, геоақпараттық жүйелер және цифрлық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері сипатталады [4; 5].