Published September 30, 2026 | Version v1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ

  • 1. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Астана, Қазақстан

Description

Қазақстан – аумағы бойынша әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі. Ел аумағының кеңдігі табиғи ресурстарды пайдалануға үлкен мүмкіндік бергенімен, жер қорын тиімді басқаруға қойылатын талаптарды да арттырады. Қазақстанның әр өңірі табиғи- климаттық жағдайы, топырақ құрамы, су ресурстарымен қамтамасыз етілуі, халықтың орналасуы және экономикалық мамандануы бойынша ерекшеленеді. Осыған байланысты барлық аумаққа бірдей жоспарлау тәсілін қолдану тиімді нәтиже бере бермейді. Қазіргі уақытта жер ресурстарын басқарудың негізгі мақсаты тек жерді есепке алу немесе оны пайдаланушылар арасында бөлу емес. Негізгі міндет – жердің экономикалық әлеуетін сақтай отырып, оның табиғи қасиеттерін қорғау және болашақ ұрпақ үшін тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету. Жер ресурстарын тиімді жоспарлау ауыл шаруашылығы өндірісін арттыруға, елді мекендердің ретсіз кеңеюін болдырмауға, табиғи аумақтарды қорғауға, инфрақұрылымды дұрыс орналастыруға және жер қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, заманауи технологияларды пайдалану жер ресурстарын басқарудың жаңа кезеңін қалыптастырып отыр.

Files

EARTH08-007_стр_29-32.pdf

Files (421.6 kB)

Name Size
md5:e953cd7957ccae5984a0a3d1da1f7b6f
421.6 kB Preview Download