Published May 15, 2026 | Version v1

ҚАТТЫ БИДАЙДЫҢ (TRITICUM DURUM DESF.) ОТАНДЫҚ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТАТ АУРУЛАРЫНА ҚАРСЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ЗЕРТТЕУ

Description

Мақалада Қазақстанда кең тараған жаздық қатты бидайдың отандық, мемлекеттік сортсынақтағы сорттары мен коллекциялық линияларының жапырақ (Puccinia triticina Erikss.), сабақ (P. graminis f. sp. tritici Erikss. & Henn.) және сары тат (P. striiformis f. sp. tritici Westend.) ауруларына төзімділігін егістік жағдайда бағалау нәтижелері берілген. Зерттеу объектілері 11 отандық сорт, 3 мемлекеттік сортсынақтағы сорт және 2 коллекциялық линия болды. Залалдану деңгейі Peterson шкаласы бойынша, ауруға реакция типі СИММИТ шкаласы бойынша анықталды. Нәтижесінде Милана, Асангали 20, 18093-7-2 линиясы және Янтарная 150 үш тат түріне де салыстырмалы төзімді (MR) екені анықталды. Салауат, Шарифа және Гордейформе 254 сорттары жапырақ немесе сары татқа жоғары сезімтал (S) екені белгіленді. Алынған нәтижелер төзімді сорт шығару және ауруды басқарудың кешенді стратегиясын қалыптастыру үшін практикалық маңызға ие.

Files

ОБЩ 12-1-89-92.pdf

Files (379.9 kB)

Name Size
md5:07797b54882eab0f2baff2faedaa9cc2
379.9 kB Preview Download