ЖҮЙЕЛІ ҚЫЗЫЛ ЖЕГІ, ЕРТЕ ДИАГНОСТИКА ҚИЫНДЫҒЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕР
Description
жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) – иммундық жүйенің бұзылуының нәтижесінде туындайтын аутоиммунды аурудың бір түрі. Аутоиммунды ауруларда ағза өзінің жасушаларына және олардың компоненттеріне қарсы, жат белоктарды шығара отырып, өзінің сау жасушалары мен ұлпаларына зиянын келтіреді. Бұл ағзаның әртүрлі ұлпаларының қабынуы мен зақымдануына әкеліп соқтырады.
Қазіргі таңда, ЖҚЖ толықтай емі табылған аурулар қатарына жатпайды. Соған қарамастан, ЖҚЖ симптомдарын тиісті еммен бақылауға болады және ЖҚЖ диагнозы қойылған науқастар белсенді, салауатты өмір сүре алады. Барлық ЖҚЖ диагнозы бар науқастардың белсенділігі, өршуі және денсаулықтарының жақсаруы немесе ремиссия кезеңдерімен кезектесіп өзгеріп отыратыны белгілі.