АБДОМИНАЛДЫ СЕМІЗДІКТІҢ II ТИПТІ ҚАНТ ДИАБЕТІ КЕЗІНДЕ АСҚЫНУЛАР ДАМУ ҚАУПІН БОЛЖАУДАҒЫ РӨЛІ
Authors/Creators
- СМАГУЛОВА АЛИЯ БОЛАТОВНА (Researcher)
- ТАУКЕБАЕВА ГУЛСЫМ БЕЙБИТОВНА (Researcher)
- ҚЫЗЫРХАН АНАР АЙДЫНҚЫЗЫ (Researcher)
- ЖАРЫЛКАСЫНОВА МАРЛИН ЕРКЕНҚЫЗЫ (Researcher)
- ӘДІЛБАЕВА ІҢКӘР ЕРЖІГІТҚЫЗЫ (Researcher)
- ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ ЖАЗИРА (Researcher)
- КАХАРМАНҚЫЗЫ ҚҰНДЫЗ (Researcher)
- СЕРІКБЕК НҰРДИНА СЕРІКБЕКҚЫЗЫ (Researcher)
- ТӘҢІРБЕРГЕНОВ ОРЫНБАСАР БАРАТҰЛЫ (Researcher)
Description
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ:
II типті қант диабеті - әлемдегі ең кең таралған созылмалы аурулардың бірі болып табылады және оның асқынулары жүрек-қан тамырлары аурулары мен басқа да маңызды клиникалық ауытқуларға алып келеді [1]. Абдоминалды семіздік инсулинге төзімділікті күшейтіп, глюкоза мен липид алмасуының бұзылуына алып келетіндігі анықталған, бұл II типті қант диабетінің даму қаупін айтарлықтай арттыратын факторлардың бірі екені көрсетілген [2]. Anthropometric and adiposity indicators and risk of type 2 diabetes мета-талдауының нәтижелеріне сәйкес, іш айналымының 10 см өсуі II типті қант диабеті даму қауіпін 1,61 есе арттырады, ал жалпы семіздік көрсеткіші 5 бірлікке өскен сайын диабетке шалдығу қаупі 1,72 есеге көбейеді [3]. Сонымен қатар, абдоминалды семіздік тек жүрек-қан тамырлық асқынуларды ғана емес, микро қанайналымдық асқынулар- нефропатия, ретинопатия және нейропатия пайда болу ықтималдығымен де байланыстырылған, мұнда VAI индексінің жоғары болуы осы микроасқынулармен Hulkoti V, Acharya S. ғылыми зерттеуінде статистикалық түрде айтарлықтай корреляцияланған [4]. Бұл көрсеткіштер дене салмағы индексінен бөлек абдоминалды семіздік критерийлері ретінде II типті қант диабеті ауруының асқынуларын бағалауда маңызды болжамдық құндылыққа ие екендігін көрсетеді, өйткені олар аурудың клиникалық нәтижелерін алдын-ала болжауда жоғары сезімталдыққа ие болып табылады [5].
Бұл көрсеткіштер абдоминалды майдың II типті қант диабеті даму механизмінде шешуші рөл атқаратынын және бұл тақырыпты жан-жақты зерттеудің өзектілігін білдіреді.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ: II типті қант диабеті бар ересек науқастарда абдоминалды семіздік көрсеткіштерінің микроваскулярлық және макроваскулярлық асқынулар даму қаупіне ықпалын бағалау және олардың болжамдық маңызын анықтау.
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
1. Абдоминалды семіздік пен II типті қант диабетінің асқынулары арасындағы өзара байланысы бойынша ғылыми әдебиеттерге жүйелі талдау жүргізу.
2. II типті қант диабеті бар науқастардың медициналық құжаттарын зерттеп, клиникалық, зертханалық көрсеткіштерін, ауру және өмір анамнезін талдау.
3. Науқастарда дене салмағы индексін және бел айналымы көрсеткіштерін анықтап, олардың қант диабетінің микроваскулярлық және макроваскулярлық асқынуларымен статистикалық байланысын бағалау.
4. Алынған нәтижелер негізінде абдоминалды семіздіктің II типті қант диабеті кезіндегі асқынулар даму қаупін болжаудағы клиникалық маңызын тұжырымдап, тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу.