ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРҒА ӘСЕРІ
Description
Қазақстандағы климаттың өзгеруі соңғы онжылдықтарда айқын байқалып, табиғи ресурстарға елеулі әсерін тигізуде. Аталған зерттеуде республика аумағындағы климаттық өзгерістердің негізгі тенденциялары талданып, олардың су, жер және биологиялық ресурстарға ықпалы қарастырылады. Зерттеу барысында температураның көтерілуі, жауын-шашын режимінің өзгеруі және құрғақшылық құбылыстарының жиілеуі анықталды. Бұл өзгерістер өз кезегінде мұздықтардың кемуіне, өзен сулары деңгейінің төмендеуіне, топырақтың деградациясына және экожүйелердің тұрақтылығының әлсіреуіне әкелетіні көрсетілді. Сонымен қатар, климаттық факторлардың ауыл шаруашылығы мен экономикалық тұрақтылыққа тигізетін әсері бағаланды. Зерттеу нәтижелері табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау шараларын жетілдірудің маңыздылығын айқындайды.