Published February 28, 2026 | Version v1

ИНКЛЮЗИВТІ СЫНЫПТАРДАҒЫ ЕРЕКШЕ БІЛІМ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКА САБАҚТАРЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Description

Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар бастауыш сынып оқушыларының музыкалық шығармашылығын дамыту мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – музыкалық іс-әрекет арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін, эмоционалдық тұрақтылығын және әлеуметтік бейімделуін дамыту мүмкіндіктерін анықтау. Зерттеу барысында музыкалық сабақтарды ұйымдастырудың тиімді әдістері, атап айтқанда ән айту, ритмикалық ойындар, музыкалық аспаптарда ойнау, музыка мен қозғалысты біріктіру және арт-терапия элементтерін қолдану талданады. Музыкалық әрекет оқушылардың қиялын, есту қабілетін, есте сақтауын және коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал ететіні көрсетіледі. Сонымен қатар мұндай сабақтар балалардың сабаққа қызығушылығын арттырып, олардың өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері инклюзивті сыныптарда музыкалық шығармашылықты жүйелі дамыту балалардың тұлғалық дамуына және оқу процесіне тиімді бейімделуіне оң әсер ететінін көрсетеді.

Files

1.ПЕДАГОГИКА 09-72-76.pdf

Files (502.1 kB)

Name Size
md5:c4554cceafeff066287545c14dcee9d8
502.1 kB Preview Download