Published February 15, 2026 | Version v1
Journal article Open

ЕКІНШІ РЕТТІК ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІ ШИКІЗАТ НЕГІЗДЕГІ МИНЕРАЛДЫ ТОЛЫҚТЫРҒЫШТАРДЫҢ ЦЕМЕНТ ТАСЫНЫҢ БЕРІКТІГІНЕ ӘСЕРІ

Description

Бұл статьяда екінші реттік және техногенді шикізат негізіндегі жоғарыдисперсті толықтырғыштардың бетонның беріктік жинау кинетикасына әсерін зерттеу нәтижелері баяндалған. Зерттеулер техногенді қалдық бетон сынықтары мен карбонатты жыныстарды өңдеу кезінде түзілген қалдықтар негізіндегі толықтырғыштар бетонның беріктік жинау кинетикасын төмендетпейтінін, ал бетон сынықтары негізіндегі толықтырғыштар құрамында гидратацияланбаған цемент дәндерінің болуы есебінен бетонның беріктік жинау кинетикасы мен маркалық беріктігіне оңтайлы әсер ететінін көрсетті. Карбонатты қалдықтар негізіндегі толықтырғыштар бетонның беріктік жинау кинетикасын жылдамдатпағанымен, оның маркалық беріктігін төмендетпейтіні, цемент қамыры карбонатты толтырғышпен әрекеттескен кезде CaCO3-Ca(OH)2-H2O жүйесіндегі әртүрлі құрамдағы кальций карбонатын түзіп, гидратация өнімдерінің арасында еркін орналаса алатыны және де бетонның ең қымбат компоненті цементтің шығынын төмендетуі есебінен бетонның техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсартатыны анықталды.

Files

ОБЩ 13-1-3-7.pdf

Files (416.6 kB)

Name Size Download all
md5:db79262d3409e53847eaea33973aba68
416.6 kB Preview Download