Published January 31, 2026 | Version v1
Journal article Open

ЕЖЕЛГІ МҰРАЛАРДАҒЫ ТОТЕМДЕРДІҢ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ СИПАТЫ

Description

Көк бөрінің тотемдік ұғымға айналып, ол туралы фольклорлық сюжеттердің қазақ, қырғыз, алтай, монғол халықтарының ортасында кеңінен таралуы, біріншіден, бұл халықтар тарихының ортақтастығын танытса, екіншіден, рухани көркем ойлау жүйеміздің бір арнадан бастау алатындығын айғақтайды.

Батырлық жырларда  бөрі көбінесе қасиетті хайуан түрінде бейнеленеді. Бөрі бейнесінің поэтикалық астарына үңілген адам оның ұлттық бітімін аңғарып, ерлік рухымен астасып жатқан танымдық тұлға екеніне ­көз жеткізеді.

Типологиялық және генеологиялық салыстырулардың нәтижесінде  «Оғыз-намедегі» бөрі бейнесі  мифологиялық әңгімелердің  архаикалық кейіпкерлері  қатарына жататындығы, оның бір мезгілде әрі адами, әрі хайуандық реңк алып, зооантропоморфты кейіпте  бейнеленгендігі сараланады.

Бөрі символикасының астарында ата-бабаларымыздың дүние, әлем, жаратылыс туралы танымымен қатар ерлік пен қайсарлық, бірсөзділік пен адалдық жөніндегі моральдық қағидалары, ұстанымдары да бой көрсетеді. 

Files

13.ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ 07-9-13.pdf

Files (428.2 kB)