Published December 31, 2025 | Version v1
Journal article Open

ТҰРҒЫН ҮЙ ҒИМАРАТТАРЫНЫҢ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

Description

Кәзіргі кезде пайдаланудағы ғимараттардың көпшілігі ескірген құрылыс нормалары бойынша салынған және олар жөндеу мен жаңғыртуды қажет етеді. Энергияны есептеу құралдары орнатылмағандықтан, коммуналдық төлемдерді есептеу өте дәл емес, бұл пайдаланылған энергия мөлшерін және жүйелік шығындарды дәл анықтауды мүмкін емес етеді. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерде энергия тұтынуды реттеу әдістері жоқ [1]. Техникалық тұрғыда негізделген энергия тұтыну лимиттерінің болмауы себебінен энергия тұтыну стандарттары әрбір нақты нысан үшін әртүрлі және ғимаратты көзбен және энергетикалық тексеруден кейін анықталынуын қажет етеді. Энергия желісі компаниялары энергия ресурстарының барлық түрлеріне, атап айтқанда электр энергиясы, жылыту, ыстық және суық сумен жабдықтау үшін тұтыну стандарттарын әзірлеуі керек. Мұндай стандарттардың болмауы жоспарлауда, бюджеттеуде және энергия шығындарының үлесін дәл бағалауда қиындықтарға әкеледі. Шектеулі жүйе коммуналдық төлемдерді қалыпқа келтіруге көмектеседі, бірақ энергия тұтынуды азайту үшін жеткіліксіз. Энергия тұтыну қала бюджеттерімен есептелінеді, сондықтан энергия пайдаланатын нысандарда энергия ресурстарын үнемдеуге ынталанбайды. Есепті кезеңдегі орташа тұтыну көрсеткіштеріне негізделген энергия көлемінің азаюынан қорқып, тұрғын үй мекемелерінің әкімшілері көбінесе энергия ресурстарына шамадан тыс шығынданады. Нысанның энергия тиімділігіне әсер ететін барлық факторларды ескеру үшін электр, жылу және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға бағытталған кешенді энергия үнемдеу бағдарламасын әзірлеу қажет.

Files

Общий секций 14-25-32.pdf

Files (627.1 kB)

Name Size Download all
md5:f4685acc8585b39ca3966d891a488c33
627.1 kB Preview Download