ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ХИМИЯ ПӘНІНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ТӘСІЛДЕРІН ЗЕРТТЕУ
Authors/Creators
Description
Мақалада жалпы білім беретін мектептерде химия пәнін оқыту үдерісінде ғылыми жобаларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын көтерудің педагогикалық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде білім алушылардың пәнге деген тұрақты қызығуын қалыптастыру білім сапасын арттырудың аса маңызды шарттарының бірі болып табылады. Химия пәні күрделі теориялық ұғымдар мен заңдылықтарға негізделгендіктен, оны меңгеру оқушыларға белгілі бір қиындықтар туғызады. Осы мәселені шешудің тиімді жолдарының бірі – ғылыми-зерттеу жобаларын оқу үдерісіне жүйелі түрде енгізу. Мақалада ғылыми жобалардың мәні, түрлері, оларды ұйымдастыру кезеңдері, сондай-ақ оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық және коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудағы рөлі ашып көрсетіледі. Эксперименттік зерттеу нәтижелері ғылыми жобаларға қатысқан оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығының өскенін, білім деңгейінің жақсарғанын дәлелдейді.
Files
9.ХИМИЯ 07-43-47.pdf
Files
(417.1 kB)
| Name | Size | Download all |
|---|---|---|
|
md5:c3c9963ae4e688377807e2b6c01a58be
|
417.1 kB | Preview Download |