ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛ-ӘУҚАТТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САНАТ РЕТІНДЕГІ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЛШЕНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Description
Мақалада авторлар әл-ауқат ұғымының әлеуметтік-экономикалық санат ретіндегі рөлі туралы сипатта берген. Отбасының әл-ауқаты қоғамдағы жағдайға, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, этно-мәдени және саяси үрдістерге, сондай-ақ ресурстарды бөлу және пайдалану мәселелеріне байланысты болады. Институционалдық контекстегi өмiр сүру деңгейi мен сапасы халықтың әл-ауқатының маңызды сипаттамасы бола алады. Отбасы әл-ауқатының өзгеру векторы отбасы тобының ішіндегі тұлғааралық қатынастармен ғана емес, әлеуметтік-саяси, экономикалық, ұлттық жағдайлармен және басымдықтармен, қоғамдық идеологиямен де айқындалады. Отбасылық құндылықтар мен ұстанымдарды қамтитын әл-ауқаттың сапалық және сандық көрсеткіштері қоғамның рухаги-адамгершілік, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының жалпы көрінісін қалыптастырады. Бүгінде көптеген адамгершілік өлшем шарттары мен нормалары, құндылықтар мен қоғамның барлық мүшелерінің көріністері аномиялық трансгрессияға ұшырады. Қоғамдық, отбасылық және жеке басының әл-ауқатына қол жеткiзудiң өлшемдерi мен шарттарына, соның iшiнде баюдың заңсыз және девиантты тәжірибесіне жол беру жағына назар аудару және басымдықтар орын алды. Осыған байланысты аномальды өзгеретін құндылықтардың отбасы мен қоғамның әл-ауқатына тигізетін ықпалы мен сипатын пайымдау тереңірек талдауды қажет етеді. Посткеңестік блоктағы қоғамдарды қайта құру процесі жаңа әлеуметтік-экономикалық сапаға қарай жылжумен байланысты. Қазақстан посткеңестік кеңістіктің неғұрлым серпінді дамып келе жатқан елдеріне жатады. Сонымен қатар бүгінде бұл елде өркендеген өмір салтын бағалау мен модельдеу кезінде жаңа дәстүрлерге бет бұру, жаңа демократиялық өзгерістер мен ұлттық дәстүрлердің маңыздылығын біріктіруге, жеке тұлғаның, бостандықтың, жауапкершіліктің, толеранттылықтың құндылығын ұлттық негізге сіңіруге деген ұмтылыс байқалады. Бұл осы үрдістердің қазіргі қазақстандықтардың отбасылық әл-ауқатын бағалауға әсерін қадағалау қажеттілігін туғызады.