МУЛЬТИМЕДИА РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ТЫҢДАЛЫМ ДАҒДЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ
Description
Бұл мақалада ағылшын тіліндегі тыңдалым дағдыларын дамытуда мультимедиа ресурстарын қолданудың тиімділігі қарастырылады. Цифрлық білім беру кеңістігінің дамуына байланысты аудио, видео, подкаст, анимация, интерактивті платформалар сияқты мультимедиалық құралдар оқушылардың қызығушылығын арттырып, тілдік ортаға енуіне мүмкіншілік береді. Автор зерттеу барысында мультимедианың тыңдалым материалдарының мазмұнын нақты қабылдауға, сөйлеушінің эмоциясын, интонациясын түсінуге және аутентті тілдік ортаға еліктеуге ықпал ететінін көрсетеді. Мақалада сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер, тиімді платформалар, деңгейге сай тапсырмалар мысалдарымен берілген. Нәтижесінде мультимедиа ресурстары білім алушының тыңдалым қабілетін жетілдіруге, сыни ойлауын дамытуға және тілдік коммуникативтік құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік беретіні дәлелденді.