Published November 30, 2025 | Version v1
Journal article Open

ОРТА МЕКТЕПТЕ «ӘРТҮРЛІ ОРТАДАҒЫ ЭЛЕКТР ТОГЫ» ТАРАУЫН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Description

Мақалада орта мектептің 10-сыныбында «Әртүрлі ортадағы электр тогы» тарауын оқыту кезінде оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту мәселесі қарастырылады. Қазіргі мектептерде бұл тарау негізінен теория және есеп шығару арқылы өтіледі де, оқушылардың өз бетімен эксперимент жүргізу, гипотеза құру және нәтиже талдау сияқты дағдылары артта қалып қояды. Мақалада зерттеуге негізделген оқыту (IBSE) әдісі мен кәсіби бағытталған зертханалық жұмыстарды қолдану ұсынылады. Бір зертханалық жұмыс толық түрде (электролит ерітінділерінің өткізгіштігіне концентрация, температура және электрод материалының әсері), қалған үші қысқаша сипатталған: фоторезистор, тұрмыстық сұйықтықтардың өткізгіштігі (кола, лимон шырыны т.б.) және үй техникасындағы жартылай өткізгіштерді зерттеу мини-жобасы. PhET симуляциялары да берілген. Ұсынылған тәсілдер қарапайым құралдармен орындалады, ауыл мектептерінде де қолдануға болады.

Files

8.ФИЗИКО-МАТЕМ 10-37-41.pdf

Files (458.9 kB)

Name Size Download all
md5:919201e6898fe747d84db1ab05594240
458.9 kB Preview Download