СЫРҒЫМАЛЫ СИММЕТРИЯ ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КЕҢІСТІКТІК ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Authors/Creators
Description
Симметрия тақырыбының түрлері, яғни трансляциялық, осьтік, айнымалы, сырғымалы және центрлік симметрия. Соның ішінде, трансляциялық, осьтік, айнымалы және центрлік симметрияға арнайы түсіндірмелер және арнайы есептер бар. Алайда сырғымалы симметрия тақырыбына арнайы есептер жоқ. Бұл экспериментпен арқылы сырғымалы симметрия тақырыбын дәстүрлі үйретіп қана қоймай, тақырыпты жасанды интеллект (ЖИ) арқылы тереңірек түсіндірген тиімдірек болады.
Сырғымалы симметрия тақырыбында оқушылар кеңістіктік ойлау қабілеттерін тақтаға график сызу арқылы түсіндіргенге қарағанда жасанды интеллект (ЖИ) арқылы түсіндірген тиімдірек болады. Себебі оқушының көз алдында визуализацияланған графика сызылып, оны ары бері жылжытып көріп тақырыпты толық түсіне алады. Сол себепті тақырып өзекті болып табылады.
Жасанды интеллектті (ЖИ) мектеп оқушыларына сабақ түсіндіру барысында пайдалану көптеген жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Болашақта мектептерде жасанды интеллект арқылы саналы да сыншыл азаматтарды тәрбиелеу, жастар арасындағы кәсіпке, сондай ақ студенттердің компьютерлік ойлану дағдыларын қалыптастырамыз.
Сырғымалы симметрия тақырыбын жасанды интеллект (ЖИ) арқылы түсіндіру барысында GeoGebra бағдарламасын қолдандық. GeoGebra бағдарлама арқылы түрлі есептерді жеңіл шығаруға, геометрия пәнінің есептерді, мәтіндік есептерді шығаруға болады.Дәстүрлі сызба мен жасанды интеллект (ЖИ) арқылы сызылған сызбаның ерекшеліктеріне келетін болсақ, сырғымалы симметрия тақырыбын жасанды интеллект (ЖИ) арқылы түсіндірген тиімдірек болады.
Сырғымалы симметрия тақырыбын жасанды интеллект арқылы түсіндіргенде оқушыларда кеңістікті көз алдына келтіру және де есеп шығару барысында тереңірек ойлануы да жылдамдайды. Кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту арқылы оқушылар тек қана алгебра және геометрия пәнінде емес басқа да салаларда білімдерін дамыта алады.
Files
8.ФИЗИКО-МАТЕМ 10-32-36.pdf
Files
(630.2 kB)
| Name | Size | Download all |
|---|---|---|
|
md5:d00f1ae767bcc52b18d2ae2f65157c39
|
630.2 kB | Preview Download |