Published December 10, 2025 | Version v1

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ТҰТҚЫНДАРЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

Description

Мақалада Орталық Азиядағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тұтқынға түскен әскерлердің тарихына қатысты деректер талданған. Зерттеу барысында неміс, жапон және басқа ұлт өкілдерінен құралған тұтқындардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріне тигізген ықпалы, олардың еңбектері, өмірі мен тағдырлары туралы қолда бар тарихи дереккөздер (архивтік материалдар, мемуарлар, мекемелік құжаттар) сарапталады. Мақаланың негізгі мақсаты – осы тарихи кезеңді зерделеу арқылы алынған білімді қазіргі білім беру жүйесінде оқытудың инновациялық әдістемелерін әзірлеу және енгізу. Тұтқындардың тарихын оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды (интерактивті әдістер, мультимедиалық құралдар, сыни ойлауға бағытталған тапсырмалар) пайдаланудың тиімді жолдары қарастырылады. Бұл зерттеу тарихи сананы қалыптастыруға, өткен кезең сабақтарын ұғынуға және жастарды толеранттылыққа тәрбиелеуге ықпал етеді.

Files

243-245.pdf

Files (193.3 kB)

Name Size Download all
md5:eaf869f1a4c67866993022f04382f05e
193.3 kB Preview Download