АРАЛАРДЫҢ (APIS MELLIFERA) СЕМЕЙ АЙМАҒЫНДА ГҮЛДІ ӨСІМДІКТЕРДІ ТОЗАҢДАНДЫРУДАҒЫ РӨЛІ
Description
Бұл жұмыста бал арасының түрі — Apis mellifera — Семей аймағындағы гүлді өсімдіктердің тозаңдануына қосатын экологиялық және ауылшаруашылық маңыздылығы қарастырылады. Аталған аймақтағы флораның биоалуантүрлілігін сақтау мен өнімділікті арттыруда аралар негізгі тозаңдандырғыш агент ретінде қызмет атқарады. Зерттеу барысында тозаңдандырудың өсімдіктердің көбеюіне, өнім сапасына және экожүйелік тұрақтылыққа тигізетін әсері талданды.Аралардың белсенділігі маусымдық климаттық жағдайларға, өсімдіктердің гүлдеу кезеңіне және ара ұяларының тығыздығына тікелей байланысты екені анықталды. Сонымен қатар, Семей өңіріндегі ауылшаруашылық дақылдарының, атап айтқанда, күнбағыс, жоңышқа және жеміс ағаштарының өнімділігі аралардың тозаңдану белсенділігіне тікелей тәуелді екені дәлелденді. Бұл мәліметтер ауыл шаруашылығында ара шаруашылығын дұрыс ұйымдастырудың және биологиялық әртүрлілікті сақтаудың маңыздылығын көрсетеді.Зерттеу нәтижелері тозаңдандырушы араларды қорғау, олардың популяциясын қолдау және экожүйелік қызметтерін тиімді пайдалану бағытындағы өңірлік экологиялық стратегияларды әзірлеу үшін ғылыми негіз бола алады.
Files
Общий секций 3-20-26.pdf
Files
(601.8 kB)
| Name | Size | Download all |
|---|---|---|
|
md5:3abf995eba921da5cfd54c7747f5ae98
|
601.8 kB | Preview Download |