КӨПТІЛДІ ОРТАДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ: СТУДЕНТТЕРДІҢ ТІЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
Authors/Creators
Description
Бұл мақалада көптілді ортада жоғары оқу орындары студенттерінің қазақ тілін қолдану тәжірибесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – қазіргі жастардың тілдік таңдауы мен қазақ тіліне деген қатынасын сапалық және сандық тұрғыдан анықтау. Зерттеу 2024–2025 оқу жылында Қазақстанның әртүрлі мамандықта оқитын студенттер арасында жүргізілді, 83 студент қатысты. Зерттеуде үш түрлі әдіс қолданылды: сауалнама, сұхбат, бақылау.
Нәтижелер көрсеткендей, студенттердің қазақ тілін бейресми ортада қолдану деңгейі және цифрлық кеңістіктегі белсенділігі едәуір артқан. Цифрлық ортада белсенді қолдануға байланысты орындаған тапсырмаларының нәтижесінде тілдік мотивацияның өсу деңгейі байқалады.
Зерттеу қазақ тілінің қазіргі жастар арасындағы әлеуметтік және мәдени рөлін түсінуге мүмкіндік беріп, тіл саясаты мен тіл оқыту әдістемесін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар ұсынды. Қазақ тілін цифрлық ортада танымдық, әлеуметтік және мәдени құрал ретінде белсенді қолдану – оны сақтаудың және дамытудың өзекті бағыты ретінде қарастырылады.