Published November 15, 2025
| Version v1
Journal article
Open
LYTHRUM SALICARIA L. ДӘРІЛІК ӨСІМДІГІНІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ХАЛЫҚТЫҚ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Description
Мақалада әр түрлі өсу жағдайынан алынған талжапырақ тергүл Lythrum salicaria L. дәрілік өсімдігінің тамыры, сабағы және жапырақтарының салыстырмалы анатомиялық құрылысы қарастырылды.
Анатомиялық құрылысын зерттеу барысында, Лакин Г.Ф. мен Удольская Н.Л. әдістемелері арқылы, сонымен қатар, Microsoft Office Excel 2013 бағдарламасы көмегімен далалы аймақ пен орманды аймақта өсетін өсімдіктердің морфометриялық көрсеткіштері сабақ пен тамырда ауытқыса, жапырақта айтарлықтай өзгешелік байқалмағаны анықталды.