Published October 15, 2025 | Version v1

ҮШБҰРЫШТЫҢ БИССЕКТРИСАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЕСЕПТЕР

  • 1. М. Әуезов атындағы ОҚУ жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы жоғары мектебінің магистранты
  • 2. ф.-м.ғ.д., профессор, М. Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан

Description

Жалпы геометрияны оқыту үшбұрыштан басталатыны белгілі. Қалай болғанда да үшбұрыш геометрия ғылымының негізі болып табылады. Мектеп геометриясы үшбұрыштың енгізілуімен құнды және қызықты болып табылады. Бізге белгілі үшбұрыштың тұрақты түрде жаңа қасиеттері ашылуда, ал ол қасиеттер көп жағдайда үшбұрыштың тамаша нүктелері мен сызықтарымен тікелей байланысты. Геометрияның көптеген есептерін шығаруда үшбұрыштың тамаша нүктелері мен сызықтарының қасиеттері пайдаланылады, мұндай есептер ҰБТ сұрақтарында, әсіресе медианалар және биссектрисалардың қиылысу нүктелерінің қасиеттерін қолдануға арналған есептер  көптеп  кездеседі.

Геометрияны оқыту үшбұрыштың тамаша нүктелерінің, атап айтқанда медианалардың, биіктіктердің, биссектрисалардың және орта перпендикулярлардың  қиылысу нүктелерінің қасиеттерін қарастырумен шектелмейді. Сондай-ақ, мектеп оқулықтарында келтірілмеген, бірақ элементар геометрияда маңызды орын алатын кейбір теоремалар мен формулаларды қарастырып, олардың дәлелдеулері мен қолдануларын қарастырған жөн. Мысалы, Чева, Менелай, Эйлер, Стюарт, Жергон, Симпсон теоремалары. Жоғарыда айтылғандар қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігін ашады.

Files

1.ПЕДАГОГИКА 24-41-44.pdf

Files (538.3 kB)

Name Size
md5:3b6809124e96dd04794f40ece4875a7e
538.3 kB Preview Download