Published November 30, 2025 | Version v1
Journal article Open

ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ХИМИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ ТИІМДІЛІГІ

Description

Бұл шолу мақалада орта мектеп оқушыларының ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру және дамыту үдерісінде химиялық эксперименттің рөлі мен тиімділігі жан-жақты талданады. Зерттеу барысында химиялық эксперименттің оқу үдерісіндегі теориялық негіздері, атап айтқанда тәжірибені жоспарлау қағидалары, бақылау және талдау әдістері, эксперименттің түрлері мен олардың танымдық дамуға әсері қарастырылды. Мектеп жағдайында демонстрациялық және зертханалық жұмыстарды қолданудың оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға, ғылыми ойлау мен зерттеу дағдыларын қалыптастыруға ықпалы дәлелденді. Әдістемелік тұрғыдан сабақта көрнекілікті қолдану, қауіпсіздік техникасын сақтау, цифрлық зертханалар мен виртуалды тәжірибелерді енгізу оқушылардың құзыреттілігін дамытуда маңызды екені анықталды. Мақалада теория мен практиканы ұштастырудың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытудағы маңызы көрсетіліп, химиялық экспериментті тиімді қолданудың әдістемелік ұсыныстары берілді.

Files

1.ПЕДАГОГИКА 1 Ч 21-59-63.pdf

Files (477.2 kB)

Name Size Download all
md5:ad1312c94bad426cef82316753546848
477.2 kB Preview Download